Білім беру және өндірістік бастамалар аясында Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan"компаниясының жетекші автомобиль зауытының өкілдерімен әкімшілік пен студенттердің кездесуін өткізді.Бұл кездесудің мақсаты білім беру мекемесі мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорын арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату болды. Іс-шара барысында Қазақстанда автоөндірісті дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ колледж студенттерінің елдегі ең ірі зауыттардың бірінде практикадан, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері талқыланды."Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" компаниясының өкілдері өндірістік қуаттардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ автомобиль саласындағы мансаптық өсу перспективалары мен сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді. Студенттер өз кезегінде сұрақтар қоюға және осы салада табысты жұмыс істеу үшін қандай дағдылар мен құзыреттіліктер қажет екенін білуге мүмкіндік алды.