2024 жылдың 4 қазан күні Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжінің акт залында «Дарын» студенттік парламентінің мүшелері оқытушыларға мерекелік концерт ұйымдастырды. Жағымды атмосферада студенттер өз оқытушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс сөздер, ән мен өлең шумақтарын, өздерінің музыкалық композицияларын орындады. Марапаттау рәсімінде педагогтарға білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін алғыс хаттар табыс етілді. Ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді! Барлық оқытушыларды мерекелерімен құттықтаймыз! Талантты студенттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!