2024 жылдың 22 қаңтар күні Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің «Sanaly urpaq» клубының белсенділерімен кезекті отырыс өткізілді. Мақсаты: қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу. Сөз барысында клуб жетекшісі мен қатысушылары бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық жаһандық әлемдік мәселе ретінде қарастырылатынын және үнемі мұқият зерделеуді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететінін айттып өтті. Отырыс соңында қатысушылар плакаттар, жарнамалық баннерлер жасап өз ой-пікірлерімен бөлісті.